Целиноград ауданы әкімдігінің отырысы өтті

    ·

    27 шілде күні Целиноград ауданы әкімінің төрағалығымен кезекті аудан әкімдігінің отырысы өтті.

    Күн тәртібіне сәйкес 2026 жылдың І жартыжылдығындағы Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен аудандық бюджеттің орындалу барысы қаралды. Баяндамалармен Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Анар Серікбайқызы Беркеева сөз сөйледі. Талқылау қорытындысы бойынша ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуіне және жоспарланған іс-шаралардың уақытылы орындалуына бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

    Отырыста сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелері қаралды. Сайлау науқанын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары талқыланып, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

    Сонымен қатар кадрлық мәселелер қаралып, қатысушыларға аудан әкімдігі аппаратының жаңадан құрылған кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жомартов Рустам Мейрамұлы таныстырылды.

    Жаңа бөлімнің негізгі міндеттері – ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және туризм саласын дамыту.

    Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары