
Өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асыру мәселелері талқыланды
2026 жылғы 31 шілдеде Қонаев қ-да Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Қуантыровтың қатысуымен өңірлік инвестициялық штаб отырысында облыстағы инвестициялық жобалардың іске асыру кезіндегі туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, штаб отырысында жаңадан жобаланатын жекелеген объектілер бойынша алдын ала санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу және қалыптасқан құрылыс аумақтарында СҚА шекаралары мен режимін қамтамасыз ету мәселесінің болуы атап өтілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның мекендеу ортасына және денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 29, 30 - тармақтарына сәйкес - жобаланатын объектілер үшін алдын ала (есептік) СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылар белгілейді, ал қолданыстағы объектілер үшін СҚА-ны өзгертуді тиісті аумақтардағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер белгілейді.









