2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

    2026 жылдың 23 шілдесінде Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 07.07.2026 жылғы №12 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының АСК-ның Жоспарына» сәйкес «Дауыс беру күніндегі рәсімдер бойынша тәжірибелік треннингтер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында Ақтанберді атындағы ОМ-де №405, №406, №407, №408, №409, №410, №411 және №413 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен көшпелі семинар - оқыту өткізілді.

    Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңына енгізілген түзетулер мен өзгертулермен таныстырылды, Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізудің дайындық және ұйымдастыру мәселелерімен, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлауалды үгіт, сайлау процессіне қатысушылардың өзара іс-қимылдары, мүгедек жандарға сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі минималды талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқыту семинары треннингтік тәсілмен жалғасын тауып, УСК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

    Бекітілген жоспар бойынша оқыту семинарлары алдағы кезеңде ауылда қалған УСК мүшелерімен, елді мекендердің орналасу реттілігіне сай, жинақтап көшпелі түрде өткізілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары