
Салыстырмалы бақылау – салық органы салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:
оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың деректерімен;
салықтық есептіліктің деректерімен;
салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерімен;
банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінің деректерімен
салыстыру арқылы жүзеге асыратын бақылау іс-шарасы.
Салыстырмалы бақылаудың мақсаты – тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау.
Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.









