
Жыланды ауылында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл тұрғындарының мәдени демалысын қамтамасыз ету мақсатында ашық аспан астында «ҚАРБЫЗ PARTY» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар мен ересектерге арналған қызықты ойындар мен спорттық эстафеталар өткізіліп, ән мен биге толы мерекелік бағдарлама ұсынылды. Қатысушылар түрлі сайыстарға белсенді қатысып, арнайы әзірленген сыйлықтар мен тосынсыйларға ие болды.
Мереке аясында қатысушыларға қарбыздан әзірленген тәтті дастархан ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй мен достық атмосфера қалыптасты. Ауыл тұрғындары мен қонақтары жаздың шуақты кешін бірге өткізіп, ерекше әсерге бөленді.
Аталған мәдени іс-шара ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және мәдени демалысты дамытуға өз үлесін қосты.









