Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп Бөрлі және Қанай ауылдарында көшпелі жұмыс отырысын өткізді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп Бөрлі және Қанай ауылдарында көшпелі жұмыс отырысын өткізді

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп Бөрлі және Қанай ауылдарында көшпелі жұмыс отырысын өткізді.

    Іссапар барысында ауылдардың инфрақұрылымдық жағдайы зерделеніп, ауыз сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы талқыланды.

    Комиссия мүшелері мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен сапасын қарап шықты.

    Жауапты мекемелердің қатысуымен әрбір мәселе бойынша талқылау жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою және көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті ұсыныстар берілді. Аталған мәселелер депутаттардың бақылауында болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары