ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қаңтардағы «Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 2 бұйрығымен Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 17/4 шешіміне өзгеріс енгізілді.
Осы жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және оның шеңберінен шықпайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 3 сәуірде «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Басшының орынбасары
Ж. Сәдуақасов
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және зираттарды күту ісін ұйымдастыру қағидалары