Ұлытау облысының Тексеру комиссиясының отырысында Ұлытау облысының білім беру саласында жалпы білім беретін және мектепке дейінгі оқытуға бағытталған бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігінің аудитінің қорытындылары шығарылды. «Ұлытау облысының білім басқармасы» ММ, Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Ертегі» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау облысы білім басқармасының Жанаарқа ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайы» КМҚК және «Ұлытау облысының әдістемелік орталығы» КМҚК үстеме тексерулер жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3 937 317,2 мың теңге сомаға Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар белгіленгенін атап өтті оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар –
1 115 989,2 мың теңге, ықтимал шығындар – 75,4 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 2 821 252,6 мың теңге. Рәсімдерді орындау тәртібінің 44 бұзушылығы және 5 жүйелік кемшілік анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша заңнама нормаларының бұзылуына себеп болған келесі мәселелер анықталды: тиімді ішкі бақылаудың жоқтығы, ведомстволық мониторингтің жеткіліксіздігі, қаржылық әкімшілендірудің төмен сапасы, бюджетті жоспарлауға формалды көзқарас және бюджеттік, бухгалтерлік және мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнама талаптарын тиісінше сақтамау.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдары 10 лауазымды және 4 заңды тұлғаға қатысты мәселені қарап, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.
Мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Ұлытау облысының мәслихаты мен әкімдігіне жолданды.
Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/documents/details/1049098?lang=kk






