Ағымдағы жылдың 24-25 шілдесінде облыс әкімі Асаин Байханов бастаған Павлодар облысының делегациясы Омбы қаласында екі мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

    Форум аясында екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

    Павлодар облысының делегациясы Іскерлік кеңестің кеңейтілген отырысына және панельдік сессияларға қатысты, онда өңіраралық байланыстарды нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және өзара тиімді әріптестікті кеңейту мәселелері қаралды.

    Форумға қатысу іскерлік байланыстарды нығайтуға және Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының өңірлері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

    Ұқсас материалдар