
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді егін орағы кезеңінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникамен жұмыс істеуге тек арнайы оқытудан өткен қызметкерлер ғана жіберілуі тиіс. Жұмыс істеп тұрған механизмдерді жөндеуге және тазалауға жол берілмейді. Сондай-ақ элеваторларда және жиналған өнімді сақтау кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, ал адамдарды тек арнайы жабдықталған көлікпен тасымалдап, дала жолдарында жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет. Еңбекті қорғау талаптарына жауапкершілікпен қарау – егін орағы науқанын табысты өткізудің және әрбір еңбеккердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.





