«Қазгидромет» мамандарының қатысуымен өткен семинар

    «Қазгидромет» мамандарының қатысуымен өткен семинар

    2026 жылы 30 шілде күні Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің бас маманы Жұбатова А.Т. ұйымдастыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ҚР Экология және Табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының және ҚР ДСМ СЭБК Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында атмосфералық ауаның жай-күйі бойынша деректерді алу бөлігінде және ауаның сапасына жүргізілген санитариялық – эпидемиологиялық мониторинг, жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша мәселелі сұрақтар талқыланды. Халық денсаулығына әсерін бағалау үшін атмосфералық ауаға шығарындылардағы анықталатын ингредиенттердің спектрін кеңейту жөнінде ұсыныстар қаралды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары