KazAID: Тәжікстан өкілдері үшін өткен цифрландыру курстары аяқталды

    KazAID: Тәжікстан өкілдері үшін өткен цифрландыру курстары аяқталды

    28 шілдеде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, Тәжікстан Республикасы Президенті Атқарушы аппаратының «Тәжікстанның цифрлық негіздері жобаларын іске асыру орталығы» ММ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (Қазақстан) «Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау негіздері» тақырыбындағы тренингті аяқталды. Оқыту ағымдағы жылғы 20–29 шілде аралығында Астана қаласында Тәжікстан Республикасының атқарушы және басқарушы деңгейдегі 15 мемлекеттік қызметшісі үшін ұйымдастырылды.

    Курс барысында мемлекеттік басқаруды цифрландыру процестеріне қатысатын қазақстандық сарапшылар осы саладағы отандық тәжірибемен таныстырды.

    Жабылу рәсімінде «KazAID» Басқарма төрағасы Н. Арыстанов, Тәжікстан Республикасы Президенті Атқарушы аппаратының «Тәжікстанның цифрлық негіздері жобаларын іске асыру орталығы» ММ 1-компонент координаторы И. Абдуллаев және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Өнімдерді жылжыту департаментінің директоры Д. Кхера қорытынды сөз сөйледі. Жұмыс нәтижелері сараланғаннан кейін қатысушыларға тренингке қатысқаны туралы сертификаттар салтанатты түрде тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары