Елордада жинақтау эвакуациялық пункті жайылды

    Елордада жинақтау эвакуациялық пункті жайылды

    Астанада төтенше жағдайлар туындаған кездегі азаматтық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің іс-әрекеттерін пысықтауға бағытталған практикалық іс-шаралар өткізілуде.

    Оқу-жаттығу барысында ҚР азаматтық қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жинақтау эвакуациялық пункті (ЖЭП) жайылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа дайындалды. Сонымен қатар халықты қабылдау, тіркеу, есепке алу, уақытша орналастыру және қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

    Осындай оқу-жаттығулар күштер мен құралдардың әзірлік деңгейін бағалауға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары