Теректі ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

    ·
    Теректі ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

    Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы С.Көпешева Теректі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптары, нормативтік құқықтық актілердегі жаңашылдықтар және оларды тәжірибеде қолдану тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайлар бойынша пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

    Оқыту семинарының негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру, заңнама талаптарының бірізді орындалуын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары