
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың адам саудасы мәселесі туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, қылмыстың алдын алу және халықты сақтық шаралары туралы ақпараттандыру.
Акция барысында полиция қызметкерлері жолаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адам саудасының белгілері, одан қорғану жолдары және күмәнді жағдайларда әрекет ету тәртібі жөнінде маңызды ақпаратпен бөлісті.
🔹 Құжаттарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз.
🔹 Жұмысқа немесе оқуға шығатын болсаңыз, ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеріңіз.
🔹 Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды хабарлап, құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырыңыз.
🔹 Қауіпті немесе күмәнді жағдайға тап болсаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.
Адам саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзатын ауыр қылмыс. Әрқайсымыз қырағы болып, өз қауіпсіздігімізге жауапкершілікпен қарауымыз қажет.









