Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек

    Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек

    Алматының Наурызбай ауданында бірнеше білім беру нысанының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты.

    15 мектеп-интернатының құрылыс жұмыстары 99%-ға аяқталды. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, қазіргі уақытта іске қосу-баптау жұмыстары қолға алынған.

    №174 мектепке салынған қосымша ғимараттың құрылысы 100%-ға аяқталды. Нысан қалалық Білім басқармасының иелігіне беріліп жатыр.

    Сонымен қатар Нұрлы Дала және Құрамыс шағынаудандарындағы балабақшалар пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта ғимараттарды қажетті жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал Қалқаман шағынауданындағы балабақша 99%-ға дайын. Бүгінде сыртқы инженерлік желілерді жүргізу және аумақты көріктендіру жұмыстары аяқталып келеді.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары