
Дербес деректерге қолжетімділікті eGov Mobile арқылы басқаруға болады.
eGov Mobile пайдаланушылары дербес деректерді өңдеуге берген келісімдерінің тарихын көріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген келісімді кері қайтара алады.
Пайдаланушылар өздерінің дербес деректеріне қандай мемлекеттік орган немесе ұйым қол жеткізгенін, қандай мәліметтерге қолжетімділік сұратылғанын және келісімнің қашан берілгенін көре алады.
Функционал пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Дербес деректер» бөлімінде қолжетімді.








