«Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі қарсаңында Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жарыстар өтетін, қатысушылар орналастырылатын және тамақтандырылатын нысандарда кезекшілікке тартылатын мамандарға нұсқама өткізді.

    ·

    Іс-шараның негізгі мақсаты – турнирге қатысушылардың, қонақтардың және ұйымдастырушылардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

    Нұсқама барысында келесі мәселелер қарастырылды:

    - тамақтану, орналастыру және іс-шаралар өткізілетін нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру;
    - тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін, тағамдарды дайындау технологиясының, сақтау және өткізу шарттарының сақталуын бақылау;
    - зертханалық жедел зерттеулерді жүргізу және Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандарымен өзара іс-қимыл жасау;
    - санитариялық заңнама талаптары бұзылған жағдайда әрекет ету тәртібі;
    - аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) әкелінуіне күдік туындаған жағдайда жедел ден қоюға дайындықты қамтамасыз ету, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдармен және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл алгоритмі.

    Нұсқама барысында кезекшілікті ұйымдастырудың практикалық мәселелеріне, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге, қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібіне, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, орналастыру объектілерінде және бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда санитариялық қағидалардың талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары