Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

    ·
    Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

    Аудан аумағында профилактикалық есепте тұрған тұлғаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

    Әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған азаматтармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын өткізеді.

    Іс-шаралар барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен полиция бөлімінің профилактикалық кабинетінде жеке кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Кездесу барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде жан-жақты түсіндірілді.

    Сонымен қатар, құқық бұзушылық жасаған жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

    Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаларын ұстануға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары