
2026 жылғы 28 шілдеде «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ ғимаратында Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің авиакомпания қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдептілік мінез-құлық негіздерін сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек тәртібіне, кәсіби жауапкершілігіне және қызмет тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін факторлардың бірі ретінде лудоманияның алдын алу мәселелері қаралды.
Сатып алу рәсімдерін жүргізу, шарттар жасасу, мүдделер қақтығысын реттеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау барысында заңдылық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушыларға кәсіби әдеп нормаларын сақтау, әріптестер мен азаматтарға құрметпен қарау, ұйым мүлкін жауапкершілікпен пайдалану, сондай-ақ кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Лудоманияның алдын алу мәселелері жеке бөлім ретінде қарастырылды. Қызметкерлерге ойынға тәуелділіктің негізгі белгілері, оның ықтимал әлеуметтік және құқықтық салдары, сондай-ақ кәсіби қызметке, әсіресе ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе көлігі қызметтерін көрсету саласына тигізетін әсері туралы түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға, адалдық, ашықтық және жоғары кәсіби жауапкершілік қағидаттарын ұстануға шақырылды. Әрбір қызметкердің жеке парасаттылығы ұйымның тиімді, қауіпсіз және ашық қызметінің негізі болып табылатыны атап өтілді.





