«Жол жұмыстарын қабылдап алу және сапаны бақылау»
«Жол жұмыстарын қабылдап алу және сапаны бақылау»
«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жетісу облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ашу
Ашу«Жол жұмыстарын қабылдап алу және сапаны бақылау»
Ішкі / халықаралық рейстерге билеттерді қайтаруды қалай ресімдеуге болады?
Билетті қайтаруды жүзеге асыру үшін сатып алу орны бойынша билетті қайтаруға өтінім беру қажет (авиакомпания сайты, авиакомпания кеңселері, делдалдар, туристік агенттіктер)
Қайтарылмайтын тариф бола ма?
Иә, болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттерді сатып алу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) кемсітетін шарт болып табылмайды.
Автобус маршрутына жол жүру билеті қандай жағдайларда қайтарылады?
- жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған және жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алғаны расталған жағдайда, билет ақы алмай қалпына келтiрiлуi тиiс; - жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетiн) кассаға автобус немесе шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адам қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан 3 пайыздан асырмай шегерiлген жол жүру құжатының (билеттiң) төленген құнын қайтарады. Егер сатып алынған билетті қайтаруды оны сатпаған касса жүзеге асырса, онда касса қайтарылған жол жүру құжатының (билет) құнының 5 пайызын асырмай қайтарғаны үшін комиссия алады; - автобусқа және шағын автобусқа кешiккен кезде жол жүру құжаттары (билеттерi) 3 күннен кешiктiрілмей қайтарылады, бұл ретте жол жүру құжаты (билеті) құнының 70 %-ына тең сома өтеледi; - қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастағы маршруттар бойынша жүретiн автобусты және шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлген жағдайда, кiдiру немесе кешiгу еңсерілмейтін күштiң салдарынан орын алған жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы жолаушыға кассалар арқылы автобус пен шағын автобусты жөнелтудiң әрбiр кешiктiрiлген сағаты үшiн жол жүру құнының үш пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл ретте айыппұлдың сомасы жолаушы сатып алған билет құнынан аспайды. Егер автобусты немесе шағын автобусты жөнелту автовокзалдың, автостанцияның немесе жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кінәсінен кешіктірілген жағдайда, жолаушылар алдында автовокзал, автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жауапты болады; - автобусты, шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлгендiктен жолаушы сапардан бас тартқан жағдайда, жөнелту пунктiнде оған төленген жол жүру құны толық мөлшерде қайтарылады; - жолаушыны бару пунктiне жол, климаттық немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер бойынша жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша сапар тоқтаған пункттен бару пунктiне дейiнгi жол жүру құны қайтарылады. Автобусты, шағын автобусты жөнелту пунктiне қайтарған кезде жолаушыға жол жүру мен багажды алып жүрудiң толық құны өтеледi; - техникалық себептерге байланысты маршрут автобустың, шағын автобустың және троллейбустың қозғалысы мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер жарамсыз автобусты, шағын автобусты, троллейбусты ауыстыру үшін тасымалдаушы ұсынған автобуста, шағын автобуста, троллейбуста немесе осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында және троллейбусында сапарды жүзеге асыру үшiн жарамды болады; -тасымалдаушы билетте көрсетiлген автобус пен шағын автобустың орнына жол жүру құны қымбаттау тұратын басқа автобус пен шағын автобусты ұсынған кезде сапар алынған жол жүру құжаттары (билеттерi) бойынша қосымша ақысыз жүзеге асырылады.
Өтінім негізінде тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға бола ма?
Тұрақты емес тасымалдау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі.
«БЕКІТЕМІН» Конкурстық комиссияның төрағасы __________________ А. Досжанов «___» ________________ 2026 жылы Жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік тасымалдау қызметін көрсету құқығына конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау, конкурстың жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның ОТЫРЫСХАТТАМАСЫ ЛОТ № 2 № 881 «Жаркент қ. (Панфилов ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал». ЛОТ № 4 № 504 «Қабанбай а. (Алакөл ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал – Қабанбай а. (Алакөл ауданы)» Талдыкорган қ. «7» қыркүйек 2026 жыл сағат 10:15 Жетісу облысы әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 53-ө н/қ (облыс әкімінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 58-ө н/қ өкіміне сәйкес өзгерістермен) өкіміне сәйкес, Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 176 қаулысыменқұрылған конкурстық комиссияның құрамында: Конкурстық комиссияның төрағасыА. Досжанов «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары Конкурстық комиссия мүшелері: Л. Карсыбаева «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы Д. Молдабергенов Жетісу облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ж. Батырбаева «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ көліктегі бақылау бөлімінің басшысы Д. Канаев М. Қамбаров «Жетісу облысы және Талдықорған қаласының қоғамдық көлік тасымалдаушылары қауымдастығы» ЗТБ директоры Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімінің басшысы Конкурстық комиссияның хатшысы(конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз) А. Нурханова «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы Конкурстық комиссияның хатшысы А. Нұрханова сөз сөйледі: 2026 жылғы 5 тамызда Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтында жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдаудың жоғарыда көрсетілген маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс жарияланды. 2026 жылғы 10 тамызда конкурс алдындағы конференция өткізілді. 2026 жылғы 24 тамызда сағат 10.00-де конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі болды. № 504 «Қабанбай а. (Алакөл ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал – Қабанбай а. (Алакөл ауданы)» маршруты № 4 лот бойынша осы конкурсқа қатысуға бір тасымалдаушыдан – «Үшарал жолаушылар тасымалдау кәсіпорны» ЖШС-нен өтінім түсті, сәйкесінше аталған тасымалдаушыға құжаттар берілді. Алайда көрсетілген мерзімге осы лот бойынша «Үшарал жолаушылар тасымалдау кәсіпорны» ЖШС-нан конкурс құжаттарымен бірге өтінім түспеді. Көрсетілген мерзімге № 881 «Жаркент қ. (Панфилов ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал» маршруты № 2 лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер екі тасымалдаушыдан келіп түсті: «Талдыкорганавтоколик» ЖШС, «Красильников В.А» ЖК. Осыдан кейін конкурстық комиссия қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттары бар конверттерді кезекпен ашып, қатысушылардың тіркеу тізіміне сәйкес конкурстық ұсыныстарды қарап шықты: № Қатысушының атауы Қатысушының мекен-жайы Басшының ТАӘ/ өкіл 1 «Талдыкорганавтоколик» ЖШС Талдыкорган қ., Желтоксан к-сі, 9 Т.Е. Есбатыров 2 «Красильников В.А» ЖК Талдыкорган қ., Біржан сал к-сі, үй 11 В.А. Красильников Бұдан әрі конкурстық комиссия конкурстық ұсыныстарды қарауға және бағалауға кірісті, онда конкурс алдындағы комиссияның қорытындысына сәйкес анықтады: Конверт № Лот № Конкурс қатысушысының атауы Конкурстық ұсыныстардағы ұсынылған мағлұматтар шын, жалған Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдары мен өндірістік-техникалық базаның осы Қағидалардың 13-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтама (№13 қосымша) Жалпы жиынтық балы 1 2 «Талдықорғанавтокөлік» ЖШС Конкурстық ұсыныстардағы мағұлматтар шын Сәйкес 81 2 2 «Красильников В.А» ЖК Конкурстық ұсыныстардағы мағұлматтар шын Сәйкес емес. Резервпен бірге жалпы саны – 3 АКҚ. Ұсынылған – 1 АКҚ мем.нөмірі 133 АСК19 , ұсынылмаған – 2 АКҚ 63 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 180-тармағына сәйкес конкурстық КОМИССИЯ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 179-тармағына сәйкес бірде бір қатысушы тіркелмеуіне байланысты № 504 «Қабанбай а. (Алакөл ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал – Қабанбай а. (Алакөл ауданы)» маршруты № 4 лот бойынша конкурс өтпеген деп танылсын. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 178-тармағы негізінде «Талдықорғанавтокөлік» ЖШС № 881 «Жаркент қ. (Панфилов ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал» маршруты № 2 лот бойынша конкурстың жеңімпазы болып анықталсын. Жалпы жиынтық балы – 81. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы қағидаларының 176-тармағының 3 тармақшасына сәйкес № 881 «Жаркент қ. (Панфилов ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал» маршруты № 2 лот бойынша «Красильников В.А.» ЖК өтінімі қараудан бас тартылсын. Жалпы жиынтық балы – 63. Конкурстық комиссия мүшелері: Л. Қарсыбаева Ж. Батырбаева Д. Молдабергенов Д. Канаев М. Қамбаров Конкурстық комиссияның хатшысы (конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз)А. Нұрханова
«БЕКІТЕМІН» Конкурстық комиссияның төрағасы __________________ А. Досжанов «___» ________________ 2026 жылы Жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік тасымалдау қызметін көрсету құқығына клнкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау, конкурстың жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның ХАТТАМА ОТЫРЫСЫ ЛОТ № 7 «Жібек Жолы а. (Түркістан облысы) – Жаркент қ. (Жетісу облысы)» Талдыкорган қ. «7» қыркүйек 2026 жыл сағат 10:00 Жетісу облысы әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 53-ө н/қ (облыс әкімінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 58-ө н/қ өкіміне сәйкес өзгерістермен) өкіміне сәйкес, Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 176 қаулысымен құрылған конкурстық комиссияның құрамында: Конкурстық комиссияның төрағасыА. Досжанов «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары Конкурстық комиссия мүшелері: Л. Карсыбаева «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы Д. Молдабергенов Жетісу облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ж. Батырбаева «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ көліктегі бақылау бөлімінің басшысы Д. Канаев М. Қамбаров «Жетісу облысы және Талдықорған қаласының қоғамдық көлік тасымалдаушылары қауымдастығы» ЗТБ директоры Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімінің басшысы Конкурстық комиссияның хатшысы(конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз) А. Нурханова «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы Конкурстық комиссияның хатшысы А. Нұрханова сөз сөйледі: 2026 жылғы 4 тамызда Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтында жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдаудың жоғарыда көрсетілген маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс жарияланды. 2026 жылғы 6 тамызда конкурс алдындағы конференция өткізілді. 2026 жылғы 21 тамызда сағат 10.00-де конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі болды. Конкурстық комиссияның төрағасы А. Досжанов қызметтік іссапарда болуына байланысты 2026 жылғы 4 қыркүйек сағат 11:00-ге белгіленген конкурстық комиссияның отырысын өткізу 2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 10:00-ге ауыстырылды. Алайда, көрсетілген мерзімге «Жібек Жолы а. (Түркістан облысы) – Жаркент қ. (Жетісу облысы)» маршруты № 7 лот бойынша, осы конкурсқа қатысуға жеке және заңды тұлғалардан өтінімдер түспеген. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 180-тармағына сәйкес конкурстық КОМИССИЯ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 179-тармағына сәйкес бірде бір қатысушы тіркелмеуіне байланысты «Жібек Жолы а. (Түркістан облысы) – Жаркент қ. (Жетісу облысы)» маршруты № 7 лот бойынша конкурс өтпеген деп танылсын. Конкурстық комиссия мүшелері:Л. Қарсыбаева Ж. Батырбаева Д. Молдабергенов Д.Канаев М. Қамбаров Конкурстық комиссияның хатшысы (конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз)А.Нұрханова
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттік органдарға қатысты мінез-құлқын едәуір негіздей отырып, қоғамның мемлекеттік қызметті және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру аталған әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуінің және дамуының, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметі мен мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі шарты болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Бедел, яғни имидж (ағылшын тілінің image сөзінен) – тұлғалардың белгілі бір тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейімделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесі). Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген. Сонымен, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметшінің өзі жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция, патриоттық сезім сияқты қасиеттерге ие болып, мемлекеттік қызметшінің моралдік бейнесі болуы тиіс. Тәртіптік теріс қылық жасағаны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге мынадай жазалаулар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. Мемлекеттік қызметшілердің 8 этикалық нормалары. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен. Мемлекеттік қызметші мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс: Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек. Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы беделі және рөлі Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген. Әлемдік өркениетте мемлекет ұғымы қоғам өмірінің төрінен ойып тұрып орын алады. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызмет беделін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту басым бағыттар болып табылады. Өзінің тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміз үшін алдағы орында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі негізгі рөлді атқарады. Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік қызметкердің бойынан табылуға тиіс мінез-құлқының, адамгершілігінің, абыройының негізгі белгілерін атап өткен. Бұл құндылықтар - жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және патриот болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру идеологиялық, саяси әрі мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды». Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен жүріп-тұру ұстанымдары барлығына мәлім. Оның абыройы – мемлекеттік билік абыройының бір бөлігі. Халық нақты бір мемлекеттік қызметшінің және биліктің барлық тармағындағы мемлекеттік орган басшыларының жұмысын бағалай отырып, мемлекеттік билікке жалпылай баға береді. Бұдан мемлекеттік қызметшілерге қандай үлкен жауапкершілік артылғанын аңғаруға болады. Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер өз халқының алдындағы асқан жауапкершілікті сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруы қажет. Мемлекеттік қызметші өз өкілеттігімен, билігімен дұрыс қолдана білуі әрі әділ болуы керек. Ол мемлекеттік қызметте өз игілігі үшін емес, елінің береке-бірлігі үшін жұмыс істеуі, өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы, олардың аражігін ажырата білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің өмір салты заң талаптарына толық сәйкес болуы шарт. Қандай да бір лауазымда болмасын, кез келген жағдайда, мемлекеттік қызметші өз елінің азаматтары мен халқының сенімінен айырылмай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Информация по индикатору 1. Размещение проектов бюджетных паспортов 2. Размещение гражданского бюджета № Наименование АБП Ссылка на бюджетные паспорта Количество БП Ссылка на гражданский бюджет 1 268Е250 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Жетісу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4316587 001 https://budget.egov.kz/material/material?id=4315382&govAgencyId=23360638 2 268Е250 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Жетісу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4316884 002 3 268Е250 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Жетісу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4316962 003 4 268Е250 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Жетісу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4317233 025 5 268Е250 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Жетісу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4317334 031 6 268Е250 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Жетісу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4317942 114