
Іс-шара бірнеше тақырыптық кезеңнен тұрды. Бағдарлама аясында зияткерлік тапсырмалар, тәжірибелік жағдаяттарды талдау, командалық сайыстар және рөлдік көріністер ұйымдастырылды. Мұндай формат қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу деңгейін тексеріп қана қоймай, оны күнделікті қызмет барысында кездесетін нақты жағдайларда тиімді қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Ойын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылап, олардың алдын алу жолдарын ұсынды, сондай-ақ заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарына негізделген шешімдер қабылдады.
Аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.А. Асқарова өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заң талаптарын орындаумен ғана шектелмейтінін, ең алдымен әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, адалдық мәдениетін қалыптастыру, әдеп нормаларын сақтау және парасаттылық қағидаттарын ұстану – қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды кепілі.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.









