Лақап ат жауапкершіліктен қорғамайды. ІІМ треш-стримдер мен хайп қуғандарға ескерту жасады

    Лақап ат жауапкершіліктен қорғамайды. ІІМ треш-стримдер мен хайп қуғандарға ескерту жасады

    Ішкі істер министрлігі құқыққа қайшы контент таратқан тоғыз әлеуметтік желі қолданушысын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар лайк пен донат үшін тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырып, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды. ІІМ ескертеді: интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен Тәртіп цифрлық кеңістікте де қатаң сақталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары