
Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі халықаралық бастамаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24–30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан өткізуде.
Науқанның басты мақсаты – қоғамның назарын адам саудасы проблемасына аудару, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамдарды қылмыстық қанауға тартудың заманауи тәсілдері туралы хабардар ету және зардап шеккендерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.
Ақпараттық науқан аясында Ішкі істер министрлігі еліміздің оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс бағыттары бойынша төрт үгіт-насихат пойызын іске қосты. Солардың бірі Маңғыстау облысынан Алматы қаласына дейін қатынап, жол бойындағы жолаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Пойыз құрамындағы полиция қызметкерлері, заңгерлер және өзге де мамандар жолаушыларға тегін құқықтық кеңес беріп, анонимді сауалнама жүргізеді. Сонымен қатар адам саудасының белгілері, одан сақтану жолдары және көмек алу тетіктері туралы ақпараттық жадынамалар мен түсіндірме материалдар таратады.
Аталған іс-шаралар адам саудасының алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.









