Абай облысында "Тасымалдаушы" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

    ·
    Абай облысында "Тасымалдаушы" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
    28–30 шілде аралығында Абай облысының аумағында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға және автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын тұлғаларды, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын анықтау, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Ерекше назар заңсыз такси қызметін көрсету, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану фактілерін анықтауға және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылады.

    Абай облысы Полиция департаменті тасымалдаушылар мен жүргізушілерді заңнама талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, ал азаматтарды тек заңды тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары