Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау бойынша әңгімелесуге қатысу үшін бақылаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру

    ·

    Ақмола облыстық мәслихаты хабарлайды:

    2026 жылғы 21 қаңтарда төраға бекіткен Қоғамдық кеңес туралы ереженің 16-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшесін сайлау бойынша әңгімелесуге қатысу үшін бақылаушылар тізімін қалыптастырады.

    Қоғамдық кеңес мүшесін сайлау бойынша әңгімелесуге үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар қатысуға жіберіледі.

    Қоғамдық кеңес мүшесін сайлау бойынша әңгімелесуге бақылаушы ретінде қатысу үшін бақылаушы болуға тілек білдірген тұлға Ақмола облысының Қоғамдық кеңесіне Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау бойынша қосымша конкурсқа бақылаушы ретінде қатысу үшін өтініш береді.

    Құжаттарды тапсыру мерзімі:

    хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (2026 жылғы 28 шілдеден 03 тамызға дейін қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

    Пошталық мекенжайы:

    «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» ММ, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к-сі, 83, 224-кабинет, жұмыс телефондары: 8(7162)256238, 8(7162)254768.

    Электрондық пошта мекенжайы:

    [email protected] [email protected]

    Жұмыс режимі:

    «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» ММ, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары