Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Мемлекеттік еңбек инспекторы З.Б. Сансызбай Павлодар облысының Кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы Балтабек Төлеубаевпен бірлесіп, күзет агенттігінің, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Қызмет» қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында еңбекке ақы төлеу, ұжымдық шарттарды жасасу, тіркеу және мониторинг жүргізу, сондай-ақ еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті түсіндірмелер берілді.









