Электрондық шот-фактураларды жазып беру ережелері жаңартылды

    ·
    Электрондық шот-фактураларды жазып беру ережелері жаңартылды

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті:
    📢 Электрондық шот-фактураны жазып беру қағидалары жаңартылды.

    📑 Қағидалар Қазақстан Республикасы жаңа Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру тәртібін айқындайды.

    💻 Шот-фактура белгіленген нысан бойынша Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) электрондық түрде рәсімделеді.

    📄 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 209-бабының 1-тармағында және 492-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда шот-фактураны қағаз жеткізгіште рәсімдеуге жол беріледі.

    ✍️ Электрондық шот-фактура (ЭШФ) электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылады.

    ✅ ЭШФ бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын тану үшін салық төлеуші ҚҚС декларациясын тапсырғанға дейін ЭШФ АЖ-да тиісті белгі қоюға міндетті.

    👤 ЭШФ АЖ-да тіркелу кезінде қатысушыға келесі мәртебелердің бірі беріледі:
    🔹 жеке тұлға;
    🔹 жеке кәсіпкер немесе жекеше практикамен айналысатын тұлға;

    🔹 заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).

    🏢 Заңды тұлғаны (құрылымдық бөлімшені) тіркеуді тек оның басшысы жүзеге асырады.
    🔍 Мәртебелер мен басшылар туралы мәліметтер мемлекеттік салық төлеушілер дерекқорындағы ақпаратпен расталады.
    🚫 «Жеке тұлға» мәртебесімен тіркелген қатысушы ЭШФ жазып бере алмайды, тек заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғаның уәкілетті өкілі немесе қызметкері болған жағдайларды қоспағанда.

    🆔 Әрбір мәртебе бойынша тіркеу биометриялық сәйкестендіру арқылы және жеке келісімге ЭЦҚ қою жолымен жүзеге асырылады.

    📅 Нысан мен Қағидалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығымен бекітілген және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

    #салықтар#ҚарағандыМКД

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары