ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР: МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР МЕН НАҚТЫ ҚАДАМДАР

    ·
    ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР: МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР МЕН НАҚТЫ ҚАДАМДАР

    А.Жақсылықовтың төрағалығымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аппараттық мәжіліс өтті.

    Күн тәртібіндегі 2026 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық барысы, сондай-ақ 2026–2027 жылдары Темір ауданы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәселелері бойынша бөлім және мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды.

    Мәжіліс барысында жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау, әлеуметтік және коммуналдық нысандардың қысқы кезеңге толық әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу мәселелері талқыланды.

    Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі А.Жақсылықов жауапты бөлім және мекеме басшыларына берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді, анықталған мәселелерді жедел шешуді және атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары