Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу. Алаяқтар әдетте: – жылу есептегішін тіркеу керек; – өтініш қалдырғансыз; – құжаттарыңызды жаңарту қажет; – берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз деген сияқты сылтаулар айтады. Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды. SMS-код арқылы алаяқтар: – банк қосымшасына кіруге; – мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге; – сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін. Өзіңізді қорғау үшін: телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз; SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз; күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз; бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз. Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады. Егер осындай қоңырау түссе: әңгімені бірден тоқтатыңыз; кодты айтпаңыз; жақындарыңызға ескертіңіз; алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз. Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айтып, барлық қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз. ЗАҢМЕНТӘРТІП
Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз!
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
ХРОМТАУДА 6 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
"" жаңалықтары

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
АшуЖасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Ашу
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Ашу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу