
ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУАЛАР 46 МЫҢ ТОННА АСТЫҚ ЖИНАДЫ
Ордабасы ауданында биылғы егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Қара жердің берекесін маңдай терімен терген диқандар үшін ең жауапты кезең – жиын-терім науқаны. Биыл аудан көлемінде 30,7 мың гектар алқапқа масақты дақылдар егілген. Бүгінде егіс алқаптарының 27,1 мың гектары орылып, нәтижесінде 46 мың тонна астық жиналған.
Бұл – дала төсіндегі тынымсыз еңбектің, шаруалардың табанды тірлігінің және егін шаруашылығындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазір шаруалар егінді ысырапсыз жинап, науқанды белгіленген мерзімде аяқтауға күш салуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі









