Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берудің тәртібі және алаяқтықтың алдын алу

    ·
    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берудің тәртібі және алаяқтықтың алдын алу

    Ақтөбе қаласының әкімдігі соңғы уақытта «мемлекеттік тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» немесе «ақшалай сыйақыға пәтер алып беремін» деп азаматтарды алдайтын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткенін хабарлайды.

    Осыған байланысты, тұрғын үй берудің ресми заңнамалық тәртібін есте сақтауды және сақ болуды сұраймыз.

    Алаяқтардан қалай қорғану керек?

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан әкімдік жалға алған баспананы бөлу «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» бірыңғай электрондық базасында, «Отбасы банк» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ жүзеге асырылады.

    Ресми түрде хабарлаймыз:

    1. Делдалдарсыз: Мемлекет пен Отбасы банк кезекке қою немесе пәтер бөлу үшін ешқандай жеке тұлғаларды, «таныстарды» немесе риелторларды тартпайды.
    2. Ақша жиналмайды: Кезекке тұру, пәтерлерді бөлу және құжаттарды рәсімдеу ТЕГІН жүргізіледі.
    3. Ақша аударымдары жасалмайды: Банк пен әкімдік қызметкерлері ешқашан СМС-кодтарды, құпия сөздерді, карта деректерін сұрамайды және жеке тұлғалардың банк карталарына ақша аударуды талап етпейді.

    Мемлекеттіктұрғын үй қорынанбаспана алудың ТӘРТІБІ

    Тұрғын үй беру процесі толығымен цифрландырылған және заңнамада белгіленген келесі ережелерге сәйкес жүреді:

    1. Кезекке тұру және бақылау
    • Өтініш беру және тіркелу тек электронды түрде orken.otbasybank.kz ресми порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен жүргізіледі.
    • Кезек түзілуі мен жылжуы автоматты түрде өтеді. Базадағы нөмірді қолмен «жеделдету» немесе өзгерту мүмкін емес.
    1. Бөлінетін тұрғын үйжеңілдіктері:
    • Кемінде 70%-ы - әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтарға (ҰОС ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, жесірлер, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен жетім балалар);
    • Оның ішінде кемінде 20%-ы - міндетті түрде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді;
    • Қалған бөлігі - басқа да мұқтаж азаматтар арасында үлестіріледі.
    1. Табыс критерийлері (соңғы 6 айдағы)
    • Отбасы 3 адамнан асса: Әр мүшесіне шаққандағы айлық табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 2 еселенген көрсеткішінен аспауы тиіс.
    • Отбасы 2 адамнан тұрса: Әр мүшесіне шаққандағы табыс ЕТКД 3,5 еселенген көрсеткішінен аспауы тиіс.
    • Жалғызбасты азаматтар үшін: Азаматтың айлық табысы ЕТКД 5,5 еселенген көрсеткішінен аспауы тиіс (немесе табысы болмауы керек).
    1. Рәсімдеу мерзімдері
    • Ресми хабарлама: Кезек келгені туралы хабарлама тек 1414, Otbasy Bank арқылы SMS түрінде немесе Жеке кабинетте пайда болады.
    • Келісім беру: Пәтер ұсынылғаннан кейін азамат 5 жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы келісімін немесе бас тартуын растайды.
    • Жалдау шартын жасасу: Келісім берілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде азамат және оның отбасының кәмелетке толған мүшелері orken.otbasybank.kz порталында ЭЦҚ арқылы Жалдау шартына қол қояды.

    Не істеу керек?

    Егер сізге ақшаға баспана алуға «көмектесуді» ұсынса, немесе әкімдік/Отбасы банк атынан күмәнді тұлғалар хабарласса:

    1. Сөйлесуді дереу тоқтатыңыз.
    2. Ешқандай жеке деректерді немесе СМС-кодтарды бермеңіз.
    3. Дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз.

    Анықтама үшін байланыс деректері:

    «Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ:

    Мекенжайы: Ақтөбе қ., Ы. Алтынсарин көшесі, 2-үй

    Анықтама телефоны: 8 (7132) 41-17-26

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары