“Арай” жазғы демалыс лагерінде «Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.

    ·
    “Арай” жазғы демалыс лагерінде «Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.

    Іс-шараға Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Медетова Айгерім Қырымқызы және Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нәсімов Асылхан Амангелдіұлы қатысты.

    Кездесу барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары, табиғат аясындағы қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары жан-жақты түсіндірілді. Балаларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау өз өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екені айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары