
Қала әкімі Жандос Тасов көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Кентау қаласы аумағында тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын жақсарту мақсатында 33 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын кешенді абаттандыру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында аулаларды толыққанды абаттандыру, заманауи әрі қауіпсіз балалар ойын алаңдарын орнату, салауатты өмір салтын қолдауға арналған Street workout спорттық элементтерін орнату, сондай-ақ жасанды жабыны бар жаңа спорт және футбол алаңдарын салу қарастырылған.
Қала әкімі жұмыстардың барысымен танысып, атқарылып жатқан абаттандыру шараларының сапасына баса назар аударды.
Қазіргі таңда 5 ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, ал жобаны толық аяқтау мерзімі 2027 жылға белгіленген.









