Құтқарушылар келгенге дейін: Өскеменде патрульдік полицейлер пәтерді өрттен аман алып қалды

    ·
    Құтқарушылар келгенге дейін: Өскеменде патрульдік полицейлер пәтерді өрттен аман алып қалды

    Құтқарушылар келгенге дейін:Өскеменде патрульдік полицейлер пәтерді өрттен аман алып қалды

    2026 жылғы 24 шілдеде сағат 16:57 шамасында Жедел басқару орталығына қала пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны туралы дабыл хабарламасы келіп түскен.

    Оқиға орнына дереу «Қыран-23» патрульдік полиция экипажы — полиция аға лейтенанты Дастан Маратов пен полиция лейтенанты Ерик Габдуллин шұғыл жетті. Көрсетілген мекенжайға келген тәртіп сақшылары кіреберіс есіктің ашық екенін және бөлмелерден қою түтін шығып жатқанын көріп, бірден ішке қарай ұмтылды.

    Бір секунд та уақыт жоғалтпастан, олар бөлмелердің бірінде жиһаздың жанып жатқанын байқаған. Мамандандырылған өрт сөндіру бригадаларының келуін күтпестен, полицейлер дереу жалынды ауыздықтауға кіріскен.

    Батыл әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында от бірнеше минут ішінде толықтай сөндіріліп, оның бүкіл пәтерге таралуына тосқауыл қойылды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

    Полицейлердің уақтылы әрі кәсіби әрекеттері күрделі төтенше жағдайдың алдын алып, азаматтардың мүлігін сақтап қалды.Мұндай жауапты әрі батыл қадамдар тәртіп сақшыларының кез келген қиын сәтте көмекке бірінші болып келетінін тағы бір мәрте дәлелдейді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары