«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Маңғыстау облысының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп Ақтау–Жаңаөзен автожолында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жүргізушілерге Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және жол мен ауа райы жағдайына сәйкес көлік құралын басқарудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар жол қозғалысына қатысушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өңір аумағында тұрақты түрде жалғасатын болады.
https://www.instagram.com/reel/DbKcHAiIcJ9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==









