Қостанай облысы құрамасының жастар арасындағы Қазақстан Республикасының қазақ күресі чемпионатындағы жетістігі туралы

    Қостанай облысы құрамасының жастар арасындағы Қазақстан Республикасының қазақ күресі чемпионатындағы жетістігі туралы

    2026 жылғы 20–24 шілде аралығында Петропавл қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қостанай облысының құрамасы жоғары шеберлік танытып, түрлі дәрежедегі төрт жүлдеге ие болды.

    Жарыстың басты жеңімпазы 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Архат Баймурзин болды. Құрама қоржынына күміс медальді 56 кг салмақ дәрежесінде Эвелина Баева салды. Ал қола жүлдені 48 кг салмақ дәрежесінде Аяжан Дүзелбаева мен 82 кг салмақ дәрежесінде Иманжүсіп Қуанышбек жеңіп алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары