
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастыру, қызметтік тәртіпті нығайту және кәсіби әдеп қағидаларын сақтау бағытында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі Айбек Тасеменов «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік тәртіп пен кәсіби әдеп талаптарын сақтау» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ернар Жылысбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық тәуекелдерін басқару, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолда бар заңдарды толық қолданып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жоюда еңбек етіп, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Кеңес соңында спикерлер басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.





