
2026 жылдың 08 шілдеде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне қаралуға төмендегі сұрақтар ұсынылды:
- Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының Қарасай ауданы бойынша инспекторының қызметі туралы баяндаманы тыңдау.
Баяндаушы: Шойынжанов Бекайдар – Қарасай ауданы бойынша инспектор
- Қаскелең қалалық округінде сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Ж-Каскелен» ЖШС нің атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндаманы тыңдау.
Баяндаушы: Бектасов Жеңіс Амангелдіұлы –
«Ж-Каскелен» ЖШС нің директоры
- Аудандық желілік техникалық цехының атқарып жатқан жұмыстары туралы басшысының баяндамасы.
Баяндаушы: Әуелбеков Шаймұрат Болатұлы – аудандық желілік техникалық цехының басшысы
- Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі атқарып жатқан жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы бөлім басшысының есебі.
Баяндаушы: Каримов Бекзат Жұмағалиұлы –
бөлім басшысы
- Қаскелең қалалық округінде атқарылып жатқан жұмыстары, қоқыс шығаратын мекемелердің жұмыстарының сапасы туралы әкімнің есебі
Баяндаушы: Мұқашев Асқар Өкенұлы –
Қаскелең қаласының әкімі
Бірінші мен бесінші сұрақ бойынша баяндаушылар, қызметтік қажеттілігіне байланысты және денсаулығына байланысты қатысуға мүмкіндік болмағандықтан, келесі отырысқа қайта шақырылсын деп шешілді.
Қоғамдық кеңестің мүшелері баяндаушыларға бірқатар сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Одан кейін кеңес мүшелердің ұсыныс-тілектері тындалып, тиісті шешімдер қабылданды.




