Прокуратура алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға қарсы күресті жалғастыруда

    ·

    Криминогендік жағдайды талдау нәтижесінде жеке адамға қарсы жасалатын әрбір үшінші қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалатыны анықталды. Осыған байланысты профилактикалық және бақылау іс-шаралары күшейтілді.

    Алматы облысының прокуратурасы полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

    Тек екі демалыс күні – 10 және 11 шілдеде облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында:

    - алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарын бұзудың 7 фактісі анықталды;

    - Қонаев қаласының жағалау аймағындағы демалыс орындарында алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің 3 фактісінің жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды;

    - заңсыз айналымнан 1100-ден астам алкоголь өнімі тәркіленді;

    - қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 51 фактісі анықталды;

    - көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарудың 6 фактісінің жолы кесілді;

    - алкоголь өнімдерін өткізуге берілген лицензиядан 3 сауда нысаны айырылды.

    Жыл басынан бастап 60 рейдтік іс-шара өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 240 сауда нысаны әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 14-і алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылды.

    Облыс прокуратурасы алкоголь өнімдерін заңсыз сату әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Атап айтқанда, бұл елеулі мөлшерде айыппұл салуға, алкоголь өнімдерін тәркілеуге, сондай-ақ лицензиядан айыруға негіз болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары