Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

    Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

    Шаһар басшысы Нұржан Ахатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі коммуналдық қызмет алу, жер алу тәртібі және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

    Қала әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті түсіндірмелер берді. Негізі қабылдауда көтерілген өтініштер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Осы жолы да әрбір келушіні толғандырған түйткілге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Кейбір мәселе бойынша орындалу мерзімі белгіленді.

    Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары