Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын хабарлайды. Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады. Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана “ Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады. Назар аударамыз, “ Qyzmet police” ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді. Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырамыз.
ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдау туралы SMS-хабарламалардың жалған екенін ескертеді
Ұқсас материалдар

Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді.
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу
Қарттар күніне орай жылы кездесу (01.10.2026)
Астана қаласының мәслихатыАшу
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен AI Governance 500 бағдарламасына Басқарма басшысы М. Кемелов қатысты.
"Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" КММАшу
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДЫҚ НИЛУФАР РАЙМОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"" жаңалықтары

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
АшуЖасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Ашу
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Ашу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу