ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ – ОТАНДЫҚ БРЕНДТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ!

    ·
    ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ – ОТАНДЫҚ БРЕНДТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ!

    Шымкент қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқаулары өтіп, оған 120-дан астам жергілікті тауар өндіруші қатысты. Көрмеде тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және басқа да салалардағы кәсіпорындардың өнімдері ұсынылды.

    Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тхангал бастаған делегация, сондай-ақ, бизнес қауымдастығы мен қала тұрғындары қатысты.

    Зияткерлік меншік объектілерін қорғау – адал бәсекелестікті қалыптастырудың, контрафактілік өнімдердің таралуына жол бермеудің және отандық кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі.

    Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары – 2026» байқауына танымал кәсіпорындармен қатар, өндірісін енді бастаған отандық кәсіпкерлер де қатысты. Байқауда негізінен өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігі бағаланды.

    Байқау жеңімпаздары Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2026» республикалық байқауында Шымкенттің намысын қорғайды. Сонымен қатар, іс-шара аясында жергілікті брендтерді дамытуға, өнім сапасын арттыруға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесі ұйымдастырылды.

    Мұндай іс-шаралар отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары