Медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелерін қарау

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелерін қарау

    Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде медициналық ұйымдардың дәрігерлері мен Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілінің қатысуымен кездесу өткізілді.

    Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы А. Есенғұл МӘС-ке негізсіз және сапасыз жіберілетін құжаттар туралы ақпаратты жеткізді.

    Дәрігерлік-консультациялық комиссия (ВКК) төрағалары және жалпы тәжірибелік дәрігерлердің назарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медико-әлеуметтік сараптамаға соңғы алты айда келіп түскен әрбір 031/у нысаны талданып, жіберілген қателіктердің негізгі себептері қарастырылды. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу бойынша нақты ұсынымдар берілді.

    Сондай-ақ дәрігерлерге сырттай медициналық-әлеуметтік куәландыруға жататын нозологиялар, оларды жолдау критерийлері және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес медициналық құжаттаманы сапалы әрі толық рәсімдеу талаптары бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары