Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы

    Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы

    Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 93-бабының 1 бөлігіне сәйкес наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады. «Мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығын пайдаланады. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі. Әлеуметтік кодекстің 94-бабы негізінде наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай: «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 айлық есептік көрсеткіш; «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және қажетті құжаттар толық ұсынылған жағдайда төленеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары