
Бірлігі жарасқан елдің берекесі артады!
Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған әжелер ансамблінің қатысуымен «Бірлік түбі - береке» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тағылымға толы басқосуда бірлік, татулық, ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтары кеңінен сөз болып, қатысушылар жылы пікір алмасты. Берекелі кездесудің басты мақсаты - ел бірлігін нығайтып, ізгі құндылықтарды дәріптеу болды.





