
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі тарапынан кешенді санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Фестивальға тартылған нысандардың санитариялық жағдайына тұрақты мониторинг ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі, ауыз судың сапасы, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтарды орналастыру орындарының санитариялық талаптарға сәйкестігі бақылауға алынды.
Мониторинг нәтижесінде анықталған жекелеген кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға оларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.









