
21 шілдеде Абай аудандық мәслихатында 56 кезектен тыс сессия өткізілді. Депутаттар Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшерін анықталды. «Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/249 «Абай ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша ТКШ бөлімінің басшысы Д.А. Терешин сөз сөйледі. Сондай-ақ, депутаттармен ауданның консультативтік-кеңесші органдарының құрамдары бекітіліп, өзгерістер енгізілді. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, «Әділет» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты





