Атырау облысында полицейлер қарттар үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді

    Атырау облысында полицейлер қарттар үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді

    “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының және айдауыл қызмет взводының қызметкерлері қарттар үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

    Полицейлер аумақты қоқыстан тазартып, шөптерді орып, ағаштардың түбін қопсытып, сырлап, мекеме ауласын ретке келтірді.

    – Тазалық – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамға пайдалы іс атқарып, үлкендерге құрмет көрсетуді маңызды міндет санаймыз, – деді қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Адильбек Козыбеков.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары