ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жер қойнауын заңсыз пайдалану және пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу амалдарына сай, «СТС-Цемент» ЖШС-нің басшысы мемлекет белгілеп берген жер қойнауы учаскесінен тыс жерде, Тобыл өзенінің арнасы мен жағалауынан өнеркәсіптік көлемде өзен құмын заңсыз өндіруді ұйымдастырған.
Жұмыстар өзен түбінен екі жер снарядтың көмегімен гидромеханикаландырылған тәсілмен жүргізілген.
Өндірілген өзен құмы байланысы бар кәсіпорындарға өткізілген. Жалпы сатылған құм көлемі 113 мың текше метрден асып, оның құны 719 млн теңгені құрады.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан су және жер ресурстарына елеулі экологиялық зиян келтірілген.
Атап айтқанда, Тобыл өзенінің арнасы өзгеріп, жағалау сызығы бұзылған, гидрологиялық режимге нұқсан келіп, батпақтанған аумақтар пайда болған.
Ғарыштық түсірілімдердің деректеріне сәйкес, су қоры жерлерінің бүлінген аумағы 28 мың шаршы метрден асқан. Табиғи кешенді қалпына келтіру үшін жағалауды бекіту, өзен арнасын тазарту және бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмыстары қажет.
Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі мүлікке тыйым салынды. Атап айтқанда, 12 автокөлікке, 10 жер учаскесіне және бір тұрғын емес үй-жайға тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚМА құмды заңсыз өндірудің ауқымды фактісін тергеп жатыр
Ұқсас материалдар

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
№ 65 мекемесінде Нельсон Манделаның халықаралық күні аясында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды
Ашу
№ 7 мекемесінде Нельсон Манделаның халықаралық күніне орай тақырыптық фильмнің көрсетілімі өтті
Ашу
Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі салынады
Көлік министрлігіАшу
Астанада қоғамдық кеңістіктерді ауқымды абаттандыру жұмысы жүріп жатыр
Астана қаласының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі" жаңалықтары
ҚМА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН ДРОППЕРЛЕР ЖЕЛІСІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу«Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшуМемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшуТүркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшуАйналымы 7,5 млрд теңгені құраған онлайн-казино Грузиядан шетелдік дропперлер желісі арқылы басқарылған
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшу